Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Исрайл Сапарбай

Ағып түскен аспаннан жұлдыздайын
Ағараңдап көрінер күндіз қайың.
Тапппай ыңғай мен жүрмін тілдесуге,
Ақ қайыңдай сылайды бір қыз бойын.

Қасы-көзі,
Меңі мен өңі қандай?!
Екі тумас сұлуды өмір ондай.
Жүрген сәті – ай көкте жүзгеніндей,
Күлген сәті – сыңғырлы қоңыраудай.

Шашы қандай хош иіс, қою, қалың?!
Өрілгенін,
Көрсең-ау жайылғанын!
Мөлдіреген жанары мойылдайын
Айтпай біліп қояды ойыңдағын.

Айқабаққа жарасқан ашық маңдай,
Кірпігінен күміс шық шашылғандай.
Бал лебізі құйылар жүрегіңе
Өмір бойы аңсаған асыл жандай.

Қарақат көз,
Ақық тіс,
Қаймақ ерін…
Жұтсаң, шіркін, жұпарын – майда лебін!
…Екі жалған дүниеде жетпесе де
Қайран жүрек, созады-ау Айға қолын!..

Ұқсас жаңалықтар

Әділбек Қаба

Redaktor Site

Түркістанда Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығы атап өтілді

redaktor_qazyr

Су саласындағы қазақстандық мамандар қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында венгриялық жоғары оқу орнының дипломын ала алады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz