Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ізгілікке іңкәрмін

Жаратқан ба мені құдай ерек қып,
Жайшылықта жүргеніммен өрекпіп.
Көп сәттерде жүрем жұмсақ бір қолдың,
Маңдайымнан сипағанын керек қып.

Ізгілікке іңкәрмін-ау осы мен:
Дуылдасып жүрсем де көп досыммен.
Жүрем ылғи жып-жылы бір жанардың,
Жүрегімді жылытуын тосумен.

Түсінбеймін, болмысым менің босаң ба,
Әлде жұрттан тек жылылық тосам ба.
Тек әйтеуір жақсылыққа келгенде,
Жаным менің қанағатсыз қашанда.

Ұқсас жаңалықтар

Ілияс Жансүгіров

Redaktor Site

Кітапқұмар жасқа тегін оқу бақыты бұйырды

redaktor_qazyr

Microsoft Word-пен жұмыс істеуде бірнеше кеңестер

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz