Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Кәкімбек Салықов-Бір ауыз сөз

Бір ауыз сөз шыңға қанат сермейді,
Бір ауыз сөз мәңгі маза бермейді.
Бір ауыз сөз жау оғындай қинаса,
Бір ауыз сөз ескі дерттен емдейді.
Бір ауыз сөз бесті асаудай тулатар,
Бір ауыз сөз үн шығармай мұң батар.
Бір ауыз сөз сай-сүйекті сыздатса,
Бір ауыз сөз көздің жасын құрғатар.
Бір ауыз сөз бақыт берер жетегі,
Бір ауыз сөз мәңгі қас боп кетеді.
Бір ауыз сөз тірі күнде айырса,
Бір ауыз сөз айнымас дос етеді.
Бір ауыз сөз ішінде мың амал бар,
Бір ауыз сөз ғұмырыңды тәмамдар.
Бір ауыз сөз… қимас дос боп өтеді
Бір ауыз сөз айтыспаған адамдар.

Ұқсас жаңалықтар

104 жастағы ақсақалдың өсиеті

redaktor_qazyr

Қоңырат тайпасы туралы деректер

redaktor_qazyr

Алматы туралы жаттау

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz