Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

«Қасақана от қойған» Шымкентте балалар аттракционы өртенді

Шымкент қаласында балалар аттракционы өртенді Оқиға 7-інші маусым сағат  02:26-да Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» кезекшілік пультіне Әл-Фараби ауданы, Республика даңғылы, №6А/1 мекен-жайы бойынша «Қиял әлемі» ауласында «балалар сырғанағы» жанып жатыр деген хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері «Қиял әлемі» ауласында «Ниагара» балалар сырғанағы жанып жатқандығын анықтады. Өрттің көлемі 240 ш.м. құрады. Өрт сағат 02:55-те оқшауланып, сағат 03:05-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Алдын ала болжам бойынша өрттің себебі қасақана от қою болып табылады. Істің мән-жайын Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы анықтауда. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД жеке құрамынан 31 адам және 5 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылғанын хабарлады Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Бауыржан Момышұлының ерлігіне тағзым: Мемлекеттік марапаттар табысталды

admin_qazyr

Цифрлық шешімдер: қағаз анықтамадан жасанды интеллектке дейін

admin_qazyr

Түркістан облысы: Монтайтастық тұрғындар 1 айдан бері ауыз суға зәру

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz