Qazyr.kz порталы
Қазір

Қасым-Жомарт Тоқаев Huawei Technologies Co. LTD директорлар кеңесінің төрағасы Хуа Лянді қабылдады

Кездесу барысында озық технологиялар мен цифрлық шешімдер саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық перспективасы қарастырылды.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен Huawei компаниясы арасында Инновациялық телекоммуникация технологияларын енгізу және сервер инфрақұрылымын жаңғырту туралы стратегиялық келісімге қол қойылуын құптады. Аталған уағдаластық аясында цифрлық трансформация мен орнықты дамуға қатысты бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, компанияның еліміздегі білім беру бастамаларына айрықша назар аударылды. Huawei ақпараттық технология, жасанды интеллект және үлкен дерекқорды талдау салаларында отандық білікті кадрлар даярлау ісіне үлес қосуға ниетті.

Huawei – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен смарт-құрылғылар шығаратын әлемдегі ірі компаниялардың бірі. Халықаралық корпорация 170 елде және аймақта 3 миллиардтан астам пайдаланушыға қызмет көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Жетісу облысында 43 елді мекендегі су тасқынының қаупі азайтылды

admin_qazyr

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады: кімдерге жеңілдік қарастырылған?

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz