Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

«Қазақфильм» вице-президенті Серік Жұбандықов ақша жымқырғаны үшін 5 жылға сотталды

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ вице-президенті Серік Жұбандықов сотталды.Бұл туралы QAZYR.KZ тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегіне сілтеп хабарлайды.

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті С.С. Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды.

Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампқа тағы шабуыл жасалды

redaktor_qazyr

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ: Ғылым мен технологияны тоғыстырған 562 бағдарлама

admin_qazyr

Қанат Бозымбаев: Су тапшылығы – жай статистика емес, шынайы қатер

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz