Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақша афоризм

85 ЖЫЛ

# Алтынның соңына түскен адамның құны.
Алты-ақ тиын.

# Руxы биік елдің ғана.
Еңсесі биік.

# Өнер оқумен келмейді.
Ғылым оқусыз келмейді.

# Әйелдер көбіне көп әйелден қорқады.
Өйткені әр әйел өзінің кім екенін жақсы біледі.

# Айта білген ауыздан.
Алласымен де тіл табысады.

# Бұл заманда ілтипат көрсетіп.
Тізе бүгіп сәлем берерлік кісі жоқ.

# Өзі әдемі, өзі ақылды әйел.
Кез келген жігітті жетектеп жүре береді.

# Жарлы бай болып көрінуге тырысады.
Ал нағыз бай байлығын жасырады.

# Шындықты бір адам ғана сезеді.
Мың адам безеді.

# Періште пендені түзей алмайды.
Пенде періштені бұза алады.

# Таң қала білу — сезімге.
Аңғара білу — ақылға байланысты.

# Қазақ боп туғанына өкінбе.
Қазақ боп жарыта алмағанына өкін.

# Тағы бір көзге түсетін тұсың.
Әкіміңді айтпай жатып түсін.

# Өлең — кәсіп емес.
Өнер — Шабыт боп.
Абырой боп келеді.

# Адамды күйіндіретін.
Тіпті киіндіретін де еңбек емес.
Сүйіндіретін еңбек.

# Мансаптың жапырағы биікте.
Тамыры тереңде.

# Жалған мақтау —
Ақиқатты таптау.

# Жақсы адам жанашыр келеді.

# Адамзатты сүю.
Ұлтты сүюден басталады.

# Адамзат адамзат қылып ұстап тұрған- Өнер.
Өнер өмірдің келбеті.

(Жалғасы бар)

ҚАДЫР МЫРЗА АЛИ
Қазақстанның xалық жазушысы.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын.

Ұқсас жаңалықтар

Бұдан былай Қазақстанда жедел жәрдем қызметі сағат 18.00-ге дейін ғана жұмыс істеуі мүмкін

redaktor_qazyr

Елімізде былтыр жұмысынан айрылған 293 мың адам әлеуметтік көмек алды

admin_qazyr

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА 5 ҚАБАТТЫ 47 ҮЙ САЛЫНАДЫ

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz