Qazyr.kz порталы
ӘлемҚоғамСаясат

Қазақстан демократия, бейбітшілік және қауіпсіздік мәселелері бойынша Ислам-Африка-Араб диалогына қатысты

Қазақстан делегациясы демократия, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне арналған Ислам-Африка-Араб диалогына қатысты деп хабарлайды Qazyr.kz.

Іс-шара «Марракеш — Ислам әлемінің 2025 жылғы жастар астанасы» халықаралық бағдарламасы аясында өтті.

Форумға мемлекеттік құрылымдар, жастар ұйымдары, сарапшылар қауымдастығы мен азаматтық секторды қамтыған 48 елден шамамен 200 делегат қатысты.

Диалог шеңберінде тұрақты даму, мәдениетаралық ықпалдастық, бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелеріне арналған жастар форумы, тақырыптық пікірталастар және сараптамалық сессиялар ұйымдастырылды.

Бағдарлама жастардың мүмкіндіктерін кеңейту арқылы ислам әлемінде бейбітшілік, демократия және тұрақты даму құндылықтарын ілгерілетуді мақсат етті.

Ұқсас жаңалықтар

3000 ауыл жоғары жылдамдықты интернетке қосылады

admin_qazyr

Мектепте ер адамның ұстаз болғаны дұрыс

redaktor_qazyr

Монтайтаста құрылыс алаңында 2,5 метр биіктіктен жұмысшы құлап мерт болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz