22.3 C
Шымкент
13-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Қазақстан мен Ресейдің бірыңғай энергетикалық жүйелері қатар жұмыс істейді

Мәжіліс Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Қазақстан мен Ресейдің біртұтас энергетикалық жүйелерінің қатар жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі келісімді ратификациялады. Аталған құжатқа 2023 жылдың 9 қарашасында Астана қаласында қол қойылған болатын.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Келісімге сәйкес, тараптар жыл сайын Қазақстанның біртұтас энергетикалық жүйесі арқылы Ресейден тасымалданатын электр энергиясының көлемін келісуге міндетті. Бұл өз кезегінде екі ел арасындағы энергетикалық тұрақтылықты сақтауға, электр энергиясын жоспарлы түрде сатып алуға және мемлекетаралық ағындарды теңгерімдеуге мүмкіндік береді.

Электр энергиясын беру қызметтерінің ақысы Қазақстанның тарифтерді мемлекеттік реттеу саласындағы уәкілетті органы белгілеген тарифке сәйкес жүзеге асырылады. Бұл тариф Қазақстанның жеке тұтынушылары үшін белгіленген электр энергиясын тасымалдау тарифінен аспауы тиіс.

Келісімді ратификациялау Ресеймен шекарадағы электр энергиясы ағынының теңгерімін сақтау, сондай-ақ энергетикалық жүйелердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін маңызды. Сонымен қатар, құжат электр энергиясын мемлекетаралық сатып алу-сату бағасын белгілеу қағидаттарын нақтылайды.

Ұқсас жаңалықтар

Ғалым Қалибекұлы — тарихи дерек

Redaktor Site

Қазақстанда зейнет жасын төмендету туралы петиция жарияланды

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz