Qazyr.kz порталы
Ауыл шаруашылығыҚазір

ШҚО диқандары суару маусымының басынан бері 24 млн текше метрден астам су алды

Биыл «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы шаруалармен суармалы суды жеткізу бойынша 490-нан астам келісімшарт жасасты. Бүгінгі таңда өңірде 5 815,7 гектар егістік алқапқа су берілді деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының шаруалары көпжылдық шөптерді шабу жұмыстарымен айналысып жатыр. Сонымен қатар өңірде дәнді дақылдар, көкөністер, картоп, күнбағыс, жүгері, бақша өнімдері, жидектер мен соя өсіріледі.

 «Филиал 7 жаңа арнайы техника алды, жыл соңына дейін қалған 13 техника жеткізіледі. Жаңа техникалар каналдарды механикалық әдіспен тазарту жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Жаңа экскаваторлардың көмегімен ұзындығы шамамен 55,3 шақырым болатын каналдар тазартылды. Қазіргі таңда барлық жұмысшы мен техника суару каналдары мен су жеткізу жұмыстарына жұмылдырылған»,

– деді «Қазсушар» РМК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиал директоры Нұржан Әміржанов.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды

admin_qazyr

Үкімет жанармай тапшылығының алдын алу жоспарын әзірлеуде

admin_qazyr

Қостанай облысы: бас имам, мас имам күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz