Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда букмекерлік бизнесті бақылау күшейеді: Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда букмекерлік бизнес пен лотерея саласын реттеу үшін мемлекет жаңа цифрлық жүйені іске қосады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетінің төрағасы Әділет Тұрғанбаев Орталық коммуникациялар қызметіне берген подкастында мәлімдеді, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Оның айтуынша, 2024 жылы қабылданған заңнамалық түзетулерде Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі  – енгізу көзделген. Бұл жүйе букмекерлер мен олардың клиенттері арасындағы барлық транзакцияларды тіркеп, әрбір бәс тігудің тарихын қадағалайды.

Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі басты міндеті — ойыншыларды сәйкестендіру және заңға сәйкес құқығы бар азаматтарға ғана бәс  жасауға мүмкіндік беру. Әділет Тұрғанбаевтың айтуынша, халықаралық тәжірибеде де дәл осындай жүйелер қолданылады. Мысалы, Италия, Испания, Франция, Германия және кейбір АҚШ штаттарында мемлекет онлайн-мониторинг арқылы барлық операцияларды бақылайды.

Ресми дерекке сәйкес, Қазақстандағы заңды ойын нарығының айналымы 1,3 трлн. теңгені құрайды. Тіркелген клиенттер саны шамамен 2,5 млн адам, олардың ішінде 450 мыңға жуық қазақстандық тұрақты түрде ойнайды. Алайда тағы 500 мың адам шетелдік, салық төлемейтін заңсыз букмекерлік сайттарда ойнайды. Нәтижесінде қыруар қаржы шетел асуда.

Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі тек заңды нарықты бақылап қана қоймай, жасанды интеллект арқылы заңсыз сайттарды анықтап, бұғаттайды. Күніне 1000-ға дейін күмәнді ресурс жабылады деп күтілуде. Сонымен қатар жүйе ойыншылардың құқығын қорғайды және ұтқан ақшаны қайтармайтын букмекерлерді жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі үш негізгі компоненттен тұрады:

Бірінші — ойынға тәуелді немесе тыйым салынған азаматтардың қатысуын шектеу.

Екінші — заңсыз нарықпен күрес және сайттарды бұғаттау.

Үшінші — ставкалардың толық есеп-қисабын жүргізіп, ойыншылардың мүддесін қорғау.

Комитеттің мәліметінше, қазір азаматтардан букмекерлік қызметке қатысты шағымдар жиі түседі. Көп жағдайда ұтысты шығара алмау немесе есепшоттың бұғатталуы кездеседі.  Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі іске қосылған соң мемлекеттік орган барлық ставкалар тарихын көріп, әділ шешім қабылдай алады.

Сонымен қатар жүйе ойынға тәуелді адамдарды анықтап, оларға көмек көрсетуді көздейді.  Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі борышкерлерге, мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ставка жасауға тыйым салады. Екі сатылы сәйкестендіру, оның ішінде биометрия да енгізіледі.

Агенттік мәліметінше, жыл сайын Қазақстанда шамамен 200 адам ойынға тәуелділіктен өз-өзіне қол жұмсайды. Алайда ресми түрде есепте тұрғандар саны санаулы ғана. Енді жүйе қауіпті белгілерді анықтап, азаматтарға психологиялық көмек алу үшін ескерту хабарламаларын жібереді.

« Бәс тігудің бірыңғай есепке алу жүесі адамдарға ай сайынғы лимит қоюға мүмкіндік береді. Белгіленген шектен асқан ставкалар қабылданбайды», – дейді Қаржы мониторингі агенттігінің өкілі Дәурен Мүліков.

Осылайша, жаңа жүйе азаматтарды қаржылық тәуекелдерден қорғап қана қоймай, ел экономикасынан қаржының сыртқа кетуіне де тосқауыл қояды деп күтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» аясында 711 жобаға қолдау көрсетілді

admin_qazyr

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 231 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

admin_qazyr

Алматыда қаза тапқан полицейлерді еске алуға арналған самбодан жарыс өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz