Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Қазақстанда электр энергиясының бағасы 20%-ға қымбаттады

2025 жылдың 1 ақпанынан бастап Қазақстанда электр энергиясының тарифі бірден 20%-ға өсті. Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл өзгеріс елдегі 36 электр станциясының тарифті көтеруімен байланысты.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Электр энергиясының түпкілікті тарифін бекітуді Қазақстан Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті реттейді. Энергетика министрлігінің өкілі Жанарыс Мұсаханұлының айтуынша, энергия беруші ұйымдар бекітілген қағидаларға сәйкес өтініш жасап, соңғы шешімді Ұлттық экономика министрлігі қабылдайды.

Бұл өзгеріс қарапайым тұтынушылар үшін электр қуатының әр киловатына қосымша 2 теңге төлеуді білдіреді. Тарифтің қымбаттауына бірнеше фактор әсер еткен, атап айтқанда:

Электр станцияларындағы қызметкерлердің жалақысының өсуі;

Көмір мен газ бағасының қымбаттауы;

Энергетикалық нысандарды жаңғырту жұмыстары.

Электр қуатының қымбаттауы тұрғындардың күнделікті шығындарына тікелей әсер етіп, коммуналдық төлемдердің артуына алып келмек.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында қызғалдақ жұлған қыз 11 млн теңге айыппұл арқалауы мүмкін

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен кездесті

admin_qazyr

Түркістанға дүниежүзі қолөнершілері келді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz