Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Үкімет сауда саласын цифрландыруда жаңа пилоттық жобаларды іске қосады

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында сауда саласын цифрлық трансформациялау барысы мен даму келешегі талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Үкімет тауарлардың цифрлық қадағалауын кеңейтіп, сауда операцияларын ашық етуге бағытталған бірқатар жобаларды іске асырады.

Отырыста Тауарлардың ұлттық каталогын енгізу, техникалық реттеу жүйесін жаңғырту және Е-ТРМК жүйесін мемлекеттік органдармен интеграциялау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, таңбалауға жататын тауарлар тізбесі кеңейтіліп, бұл бағыттағы түсіндіру жұмыстары күшейтілетін болды.

Сауда министрлігіне Көкшетау мен Павлодарда цифрлық азық-түлік ваучерлерінің пилоттық жобасын іске қосу тапсырылды. Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларға белгіленетін сауда үстемелерін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, агромаркетплейс және В2В электрондық сауда алаңының пилоттық жобалары іске қосылады. Жаңа бастамалар ауылдық жерлердегі экономикалық белсенділікті арттыруға және ішкі нарықты сапасыз өнімдерден қорғауға бағытталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Арыста медкомиссиядан өту үшін, касса алдындағы ұзын-сонар кезекті күту қажет

redaktor_qazyr

Жамбыл облысында полицей суға кеткен қызды құтқарып қалды

redaktor_qazyr

Қазақстанда 2025–2030 жылдарға арналған өңірлерді орнықты дамыту тұжырымдамасы бекітілді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz