Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда жүктердің қозғалысын қадағалау үшін «Цифрлық жібек жолы» жобасы енгізіледі

Қазақстанда «Цифрлық жібек жолы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның шеңберінде барлық жүк тасымалын қадағалап отыруға арналған бірыңғай логистика картасы жасалады. Жоба жүктердің қозғалысына байланысты негізгі деректерді визуализациялауға, жолдар мен бекеттердің жүктемесін анықтауға, республикадағы жол инфрақұрылымын дамыту үшін қосалқы сервистерді талдауға бағытталған, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

«Жоба шеңберінде картада кеден бекеттері, автожанармай құю стансалары, уақытша сақтау қоймалары, бақылау аркалары мен төлем алу пункттері және тағы да басқалар цифрландырылатын және геопозицияланатын болады», — деп нақтылады қаржы министрі Мәди Такиев Үкімет отырысында.

Бүгінде Мемлекеттік кірістер комитеті аркалар мен автожанармай құю стансаларындағы бейнекамераларды көре алады және автокөлік құралдары қозғалысын қадағалайды. Бұл бақылаудың қосымша деңгейін қамтамасыз етіп, мәлімделген маршруттан ауытқуларды және ықтимал жалған транзитті анықтауға көмектеседі.

Ұқсас жаңалықтар

Ринат Зайытов:Қазақстанда алаяқтықтардың 80 пайызын намаз оқитындар жасайды

redaktor_qazyr

Әлеуметтік қолдау: Жетісуда мыңдаған бала лагерьде тегін демалады

admin_qazyr

Алматыда көшкін қаупі бар учаскелер аталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz