Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚазір

Қазақстандық кинематографистер ТМД елдерінің «Мәдениет. Медиа. Цифр» форумына қатысты

Мәскеуде ТМД елдерінің мәдениет пен медиа саласына арналған «Мәдениет. Медиа. Цифр» форумы өтті. Жиынға медиа, IT, маркетинг, PR және кино саласының кәсіби мамандары қатысты.

Форумға Қазақстан атынан «Шатыр тұрғындары» фильмінің авторы Гүлшат Смағұлова қатысты. Режиссер өз туындысы туралы айтып, фильм Алматының болмысын, қаладағы күнделікті өмірдің көңіл-күйін жеткізетінін атап өтті. Оның айтуынша, оқиғаны табиғи және шынайы жеткізу арқылы әлеммен тілдесуге болады.

Іс-шара медиа мен технологияның өнерге қалай жаңа серпін беріп жатқанын айқын көрсетті. Форум барысында медиа кеңістіктің өзгеруі, блогерлердің ықпалы, цифрлық құралдардың даму үдерісі және ТМД елдерінің креативті саладағы ынтымақтастығы кеңінен талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Жүрегім күлмей

redaktor_qazyr

Құқық қорғаушылар «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюды талап етуде

redaktor_qazyr

20 ШІЛДЕДЕ ТАМЫЗ АЙЫНДА ӨТЕТІН ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz