21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ӘлемҚазірҚоғам

Қазақстандықтар Ираннан Әзербайжан арқылы елге келді

Иран мен Израиль арасындағы шиеленіс салдарынан бірқатар мемлекеттер өз азаматтарын қауіпсіз жерге көшіру шараларын қолға алды. Соның аясында Қазақстан азаматтары да Ираннан эвакуацияланды. Бұл жөнінде Report ақпарат агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, соңғы бес күн ішінде Әзербайжан аумағы арқылы 17 елден 600-ден астам адам қауіпсіз аймаққа өткізілген. Эвакуациялау гуманитарлық дәліз арқылы жүзеге асырылып, жолаушылар «Астара» шекара бекеті арқылы өткен.

Эвакуацияланғандардың қатарында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары бар. Сонымен қатар Германия, Испания, Италия, Сербия, Румыния және Португалия елдерінен де азаматтар эвакуацияланды. АҚШ, Қытай, БАӘ және Вьетнам азаматтары да бұл тізімге енген.

Эвакуацияланғандар ирандық шекараның арғы бетінде әлі де жүздеген адамның күтіп тұрғанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Израиль 14 маусымға қараған түні Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасады. Осы оқиғалардан кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі шұғыл байланыс желісін іске қосып, алты елдің үстімен ұшуға уақытша тыйым салынғанын хабарлады.

Сол күні Қазақстанның азаматтық авиация комитеті Ашхабад әуежайында қалған қазақстандықтар жайлы түсініктеме берді. 14 маусымда алты қазақстандық Әзербайжан арқылы Ираннан эвакуацияланғаны белгілі болды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда жазғы демалыс кезінде су айдындарын бақылау күшейтіледі

admin_qazyr

Әңгіме: Бұрынғы жігітіммен көңілдес болдым

redaktor_qazyr

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалады: кімдерге жеңілдік қарастырылған?

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz