19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

«Кеген – Нарынқол» автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Qazyr.kz Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында қашықтығы 74 шақырым болатын «Кеген – Нарынқол» жолының 0-37 және 37-74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 8,002 млрд теңге.

Қазіргі уақытта нысанда 7 мың текшеметр қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған.

Аймақ басшысы жобаның іске асырылу қарқынына назар аударып, жұмыстарды жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Достық даңғылы жаңарады: Алматы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер үшін ыңғайлы болмақ

admin_qazyr

Алматыда «Менің Жеңіс тарихым» атты патриоттық челленджі басталды

admin_qazyr

Аягөзде жұмысқа енді ғана орналасқан әскери бөлімнің офицері өз үйінде өлі табылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz