Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

ҚМДБ тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді

Сурет: storyblocks

Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы айтты,деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі ғұрыптық салтындағы қалыңдық үшін берілетін мал. Фиқһ кітаптарында ұзатылып жатқан қызға жиһаз әперу үшін күйеу жігіт тарапынан берілетін мал-мүлікті «дустиман» деп атайды.

Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады.

«Шешім: күйеуі тарапынан берілетін қалың малды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды», — деп жазды ол.

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды

admin_qazyr

Бір тәулікте 76 тілге аударылған қарт ананың 4 ауыз сөзі

redaktor_qazyr

Биыл 1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz