Qazyr.kz порталы
ӘмбебапҚоғамРуханият

«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады.

«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады. Жалпы екеуінің де айтар ойы бір.

«Өз артықшылығыңды пайдаланып, көршіңнің, не жолдасыңның алдына түспе» деген мағынада қолданылады. Алайда осы ойды айту үшін көршіні соқыр ету онша қисынға келмейтін тәрізді. Енді «Кембағал деп кемсітпей, көршіңнің көңіліне қарап жүр» десе де болады ғой. Демек, гәп – соқырлықта. Яғни, айтылар ойға соқырлықтың қатысы бар. Әрине, тура мағынасында емес. Соқырдың қасында көзді қысу… Бұл енді көңіл аулау емес, таза мазақ. Солай бола тұра әлгі мақалды арқалансақ, бір көзімізді қысып жүруге тура келеді. Болмаса соқыр сөзі қаперге алынбас еді.

Соқыр демекші, мақалда тек бір көзді қысу қажеттілігі ескертіледі. Ал көршің мен жолдасыңның қай деңгейде соқыр екендігінен толық ақпарат жоқ. Оның үстіне ауызекі тілде бір көзі жоқ адам да соқыр санатына қосыла береді. Ең бастысы – көрші көңілін аулауы тиіс адам тек бір көзін ғана қысуы тиіс. Демек…

Жә, шіли тәптіштеңкіреп кеттік. Шынтуайтына келгенде, негізгі мән – рухани көз соқырлығында. Ол көзді біз «көкірек көзі» деп те атаймыз. Жалпы тек материялды көзқараста ойлайтын адам рухани мәселелерге онша бас қатыра қоймайды. Біз айтып отырған рухани мәселе, ол енді өз алдына бір әлем. Ол әлемге көкірек көзі ашылған адамдар ғана назар салады. Ал көрші болса ол әлемді бар деп білмейді. Сондықтан онымен көршілік қарым-қатынаста мәміле жасау үшін бір көзіңді қысып жүруге тура келеді дә. Мақалдың да негізгі айтпақ ойы сол.

Ұқсас жаңалықтар

«Жасөспірім балалар итті үркітемін деп тас лақтырған» Монтайтаста болған оқиғаға қатысты білім бөлімі жауап берді

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Бокстан ұлттық құрама бапкерін атып кетті

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz