Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Мәңгі жасыл ағаш

Секвойя — мәңгі жасыл қылқан-жапырақты ағаштар туысы. Жалғыз түрі — мәңгі жасыл секвойя (биіктігі 100 м-ден артық, диаметрі 6-10 м), жер шарының ең биік ағаштарына жатады. 3000 жылға дейін жасайды. Калифорния тауларында өседі. Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон (мамонт ағашы) жатады. Діңі тік, түзу, биіктігі 100 м-ге дейін болатын, 2500 жылдай (кейде 3000-4000 жыл) жасайтын ағаш. Олардың ішіндегі «Генерал Шерман» деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 83 м, жер бетінен 1,5 м биіктікте құлаштағанда 24,1 м. Секвойялар сәндік үшін Еуропаның саябақтары мен бақтарында, Қырымның оңтүстік жағалауында өсіріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Айранның пайдасы

Redaktor Site

Әлемдегі ең үлкен көлік кептелісі

Redaktor Site

Саусақтарына қарап адамның мінезін таны

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz