Qazyr.kz порталы
Қазір

Марат Шакен: «Aitu мессенджеріне көшу – деректердің қауіпсіздігі үшін маңызды қадам»

Кәсіпкер әрі сарапшы Марат Шакен отандық Aitu мессенджеріне қатысты өз пікірін білдірді.

Оның айтуынша, соңғы апталарда жиі талқыланып жатқан бұл тақырыпқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше назар аударып отыр. Мемлекет басшысы жасанды интеллектті дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметтік коммуникацияларын шетелдік мессенджерлерден ұлттық платформа – Aitu-ға көшіруді тапсырған болатын.

Белгіленген мерзімдер:

мемлекеттік құрылымдардағы интеграция – 1 қыркүйекке дейін;

қызметкерлерді толық көшіру – 15 қыркүйекке дейін;

архивтерді тасымалдау – 1 желтоқсанға дейін.

Сонымен қатар, армия да кезең-кезеңімен Aitu-ға көшетін болады. Сарапшы атап өткендей, бұл бастама WhatsApp немесе Telegram-ды жеке өмірде қолдануға тыйым салуды білдірмейді. Әңгіме тек мемлекеттік органдар мен квазигоссектордың қызметтік байланыстары туралы.

Бизнесті не күтіп тұр?

Марат Шакен мемлекеттік құрылымдармен жұмыс істейтін компанияларға бірқатар кеңес берді:

қолжетімділікті басқару жүйесін тексеру;

қай қызметтік чаттар мен хабарламалардың көшірілетінін анықтау;

ақпараттық қауіпсіздік регламенттерін жаңарту;

бизнес-процестерге сәйкес боттар мен интеграцияларды қарастыру.

Aitu – суперқосымшаға айналу жолында

Aitu қазіргі таңда super-app форматында дамып келеді. Платформада чатты және қоңырауларды пайдалану мүмкіндігімен қатар, ақша аударымдары, билеттер сатып алу, музыка, жаңалықтар, арналар, мини-қосымшалар және күнделікті тапсырмаларға арналған AI-ассистент қызметтері бар. Ең басты артықшылықтарының бірі – барлық деректер Қазақстан аумағында сақталады және өңделеді.

Жақында Aitu мен Kcell арасындағы серіктестік те жарияланды. Бұл ынтымақтастықтың арқасында оператор клиенттері үшін фильмдер, музыка, мессенджер қызметтері қолжетімді болып, тиімді тарифтік ұсыныстар жасалуы мүмкін. Өз кезегінде, Aitu белсенді қолданушылар базасын кеңейтуге мүмкіндік алады.

«Прагматикалық көзқарас»

Марат Шакен бұл бастамаға прагматикалық тұрғыдан қарайтынын айтты:

«Курс түсінікті – елдің персоналдық деректерін жергілікті, бақыланатын инфрақұрылымда сақтау қажет. Енді бәрі ыңғайлылық пен ашық ережелерге байланысты. Егер сіз B2G немесе B2B секторында жұмыс істесеңіз – ертең үлгермей қалмас үшін дайындықты бүгін бастаған жөн», – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

STADA алғаш рет Қазақстанда Top Employer 2025 атағына ие болды

redaktor_qazyr

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Тау-кен металлургия кешені үшін кадрлар даярлауға қатысу және ЖОО-мен ынтымақтастық

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz