Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғамРуханият

Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаев Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезі аясында рухани дипломатияны ілгерілетуге, сондай-ақ, қазіргі сын-қатерлерді еңсеру жолында күш-жігерді біріктіруге қатысты мәселелерді талқылады.

Сенат Төрағасы Митрополитке Қазақстандағы бірлік пен дінаралық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдіріп, I дәрежелі «Достық» орденімен марапатталуымен құттықтады. Палата Спикері өз сөзінде Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің VIII Съезге қатысуы жоспарланып отырғанына назар аударып, бұл діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын одан әрі дамытуға ықпал ететінін тілге тиек етті.

Кездесу барысында алдағы Съезд аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы да сөз болды. Олардың қатарында Жас дін лидерлерінің форумы, Діни нысандарды қорғау жөніндегі арнайы сессия, дін көшбасшыларының және академиялық ортаның қатысуымен өтетін сараптамалық дөңгелек үстел және басқа да іс-шаралар бар.

Өз кезегінде Астана және Қазақстан митрополиті Александр Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысына Қазақстанның түрлі дін өкілдері арасындағы бейбітшілік пен игілікті арттыру жолындағы маңызды бастамасы үшін алғыс айтты. Сондай-ақ ол Съезд міндеттерін бірлесіп жүзеге асыруға және ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым дайын екенін жеткізді.

 

Сенаттың Баспасөз қызметі. Суретті түсірген: Н.Байбулин

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Ақан Сері

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz