Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Қазақстанда бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алу процесі қиындады

«Қазақстанда бүгіннен бастап жүргізуші куәлігін алу процесі қиындады»,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Яғни, куәлік алуға ниетті үміткерлерге берілетін тапсырмалар саны артып отыр.

Әрі сынақ тапсырғалы отырған кандидат электрондық үкімет порталы арқылы биометриялық сәйкестендіруден өте алмаса, емтиханнан жарты жылға шеттетіледі. Өзгерістер мұнымен бітпейді.

Мәселен, үміткер бірінші жолы теориялық не тәжірибелік сынақтан құлап қалса, емтиханды келесі күні келіп тапсыруға мүмкіндігі бар. Ал екінші мәрте де жолы болмаса, бір айдан кейін білімін қайта сынай алады.

Бірақ тәжірибелік сынақтан үшінші рет өтпесе, теориялық тест нәтижесінің күші жойылады. Сосын тек екі айдан соң ғана қайта келуге рұқсат. Сондай-ақ, жаңа талаптарға сәйкес теориялық емтихан өтетін сыныптар арнайы қондырғылар және бейнебақылау камераларымен жабдықталады.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО: Күйеуін өлтіруге киллер жалдаған

redaktor_qazyr

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

redaktor_qazyr

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметінен босатылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz