24.3 C
Шымкент
24-Апрель, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірСаясат

Мемлекет басшысы Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Гордан Грлич-Радманды қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрімен кездесу өткізді.

Президенттің айтуынша, Гордан Грлич-Радманның бұл сапары Хорватияның екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін беруге ниетті екенін көрсетеді. Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ықпалдастық өзара сенім мен сындарлы диалог рухында дами беретініне сенім білдірді.

Президент хорват компаниялары Қазақстан нарығында энергетика, инфрақұрылым, фармацевтика және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырғанын айтты. Қазір елімізде Хорватияның үлесі бар 30-дан астам компания табысты қызмет етеді. Олардың қатарында Pliva және Podravka секілді танымал брендтерді айтуға болады.

Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақ-хорват бизнес форумына Хорватияның көптеген ірі бизнес өкілі қатысып жатқанын қолдады. Жиын аясында қол жеткізілген келісімдер сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың өрісін кеңейтуге ықпал ететініне тоқталды.

Бұдан бөлек, кездесуде мәдениет және білім салаларындағы байланыстарды нығайту перспективасы талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

2024 жылы қазақстандықтарға бюджеттен 3,7 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді

admin_qazyr

«Qazaq air» әуекомпаниясын вьетнамдықтар сатып алды

redaktor_qazyr

Жыл басынан бері 132 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz