18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
Қазір

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы баяндалды.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери-патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді.

Дәурен Қосанов Президент тапсырмаларының орындалу барысын жеткізді. Атап айтқанда, Мемлекет басшысына әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, аумақтық әскер мен ұшқышсыз ұшатын аппараттар бөлімшесін, әскери инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қорғаныс саласындағы мемлекеттік тапсырысты орналастыру мәселелері жөнінде ақпарат ұсынылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрге Қарулы күштердің әскери әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әскери қызметшілердің жарақат алу және жазым болу оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысына қар жауды

redaktor_qazyr

Су басқан өңірлерде ауыз су ластанды деген ақпаратты жоққа шығарды

redaktor_qazyr

Қазақстанда жылдық қуаты 1 млн тонна жүгері өңдеу зауыты салынуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz