Qazyr.kz порталы
ҚазірСаясат

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентін туған күнімен құттықтап, оның бауырлас өзбек халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің беделді көшбасшылығының арқасында Өзбекстан дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік-экономикалық салада елеулі жетістікке жеткенін атап өтті.

Әңгімелесу барысында екі ел арасында сенімге, тату көршілік байланыстарға және өзара қолдауға негізделген стратегиялық және одақтастық қатынастар қалыптасқанына назар аударылды. Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен ғылым-білім саласындағы серіктестік нығайып келеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүкіл Орта Азияның орнықты дамуы көбіне екі мемлекеттің өзара ықпалдастығына тікелей байланысты. Осыған орай тараптар өнеркәсіп, энергетика, көлік, логистика және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы бірлескен жобаларды ілгерілету үшін нақты шаралар қабылдап жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев өңірлік кооперацияның өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасып, екіжақты форматта және халықаралық іс-шаралар аясында жоспарланған жоғары деңгейдегі кездесулер кестесін қарастырды.

Ұқсас жаңалықтар

QazNews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебек 2 айға қамауға алынды

redaktor_qazyr

Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Қоғам белсендісі Боқаев: Елтаңба ауыстыру бойынша «Бізге шығынның не қажеті бар?»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz