Qazyr.kz порталы
Аймақ

Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында KeruenInn заманауи қонақ үй кешені іске қосылды. Жоба Үкіметтің Инвестициялық штабының көмегімен жүзеге асырылған. Президенттің тапсырмасына сәйкес штабқа инвесторлардың мәселесін жедел шешу және әкімшілік кедергілерді жою бойынша өкілеттіктер берілген болатын. 2025 жылдың басынан бері онда 18 отырыс өткізіліп, жалпы сомасы $70 млрд болатын 65 инвестициялық жоба қаралды.

Жамбыл облысында қонақ үй кешенін ашу – Мемлекет басшысының қазіргі заманға сай инфрақұрылым құру және елдің транзиттік әлеуетін күшейту бойынша қойған стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі.

Кешен 30-дан астам номерден, дәмхана, дүкен және дәріхана желісінен тұрады. Саяхатшыларға ыңғайлы болу үшін жүк және жеңіл көліктерге арналған автотұрақ, сондай-ақ электромобильдерді зарядтау стансалары қарастырылған. Бұл нысанда Меркі ауданының тұрғындары үшін 20 жұмыс орны ашылды.

Жоба ауқымды инвестициялық бағдарламаның құрамына кіреді, оның шеңберінде 2029 жылға дейін Қазақстанның 14 өңірінде осындай 60 нысан салу жоспарланған. Қонақ үй кешендерінің желісі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Солтүстік – Оңтүстік» сияқты елдің негізгі автокөлік дәліздерін қамтиды, сондай-ақ шекарадағы автокөлік өткізу пункттерінің маңында және негізгі туристік орындарда орналасатын болады. Салынған қаражаттың жалпы көлемі $150 млн-нан асады, бұл 900-ге жуық тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Үкімет өңірлердің жан-жақты дамуына және транзиттік әлеуетті арттыруға ықпал ететін инфрақұрылымдарды жаңғырту жөніндегі жобаларға жеке инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау жұмыстарын жалғастыруда.

Ұқсас жаңалықтар

БҚО-да өндіріс пен ауыл шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілуде

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Алматы қаласының жаңадан тағайындалған әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады

admin_qazyr

Қостанай облысында егін жинау қарқынды жүріп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz