Qazyr.kz порталы
ҚазірҚоғам

Мүгедектікті белгілеу: 40 мыңнан астам өтінім онлайн қаралды

2025 жылдың басынын бастап мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінен 43,7 мың өтінім қаралды. Бүгінде сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында Мемлекет басшысы ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауды, олардың инстанциялар мен қағазбастылық бойынша жүруін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің қызмет алушылармен байланысын болдырмауды тапсырды.

Осы тапсырманы орындау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Денсаулық сақтау мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен бірлесіп Қазақстанның барлық 20 өңірінде пилоттық режимде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің сырттай форматы бойынша жобаны іске асыруда.

Мүгедектік тобын белгілеу жөніндегі қызметті алу үшін өтініш берушіге тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну және қажетті тексеруден өту қажет, қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен оның қатысуынсыз өтеді.

Сырттай куәландыруға көшу:

— әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді жояды;

— МӘС сараптамалық шешімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді;

— мүгедектікті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау шараларын анықтау бойынша қызметтерді үйден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді;

— көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмайды, сол арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасында саяси кеңесулер өтті

admin_qazyr

Әкімдіктер өрт қауіпті кезеңде толық жауынгерлік дайындықта болуға тиіс – Экология министрлігі

admin_qazyr

Арыс,Бәйдібек,Ордабасы аудандарының аумағанда мал ұрлығымен айналысатын әккі ұрылар тобы ұсталып қалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz