Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Өлең: Сергелдеңде

 

Мұңға батып содан соң күлем кейде,

Ары да бері ойланып жүрем үйде.

Жабырқап үнсіз ғана күрсінердей,
Кім салды екен сергелдең мұндай күйге?!

Алыстаған сәттерде өлеңді әлем,
Көңілімнің сәнісің елеңдеген.
Сол жердемін кеш батса жұлдыз санап,
Күлімдеген сызылып,келем деген.

Сынаймын да үмітпен бір бағымды,
Айға ғана айтамын сырларымды.
Гүлін тере алмаған өзіңменен,
Көз тігемін оңаша қырға мұңлы.

Сағыныштан сарғайып қыр да әні,
Бұлыңғыр боп кетеді өмір мәні.
Томсырайған түріңді естеліктеп,
Жігер менен төзімнің сөгілді әлі.

Мұңға батып содан соң күлем кейде,
Ары да бері ойланып жүрем үйде.
Жабырқап үнсіз ғана күрсінердей,
Кім салды екен сергелдең мұндай күйге?!

Біржан Досжан

Ұқсас жаңалықтар

Шәкәрім Құдайбердіұлы — Анық пен танық

redaktor_qazyr

Қал сұрауға қанша уақыт кетеді?

Redaktor Site

Енді халықты алдап жүрген инфо-сығандардың жағдайы қиындайды: мәселе Парламентте қаралмақ

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz