Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Онлайн саудада өнім сапасы мен азаматтардың құқықтарын қорғау маңызды — Олжас Бектенов

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Олжас Бектенов электрондық сауда саласындағы басты мәселелерге тоқталып, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту қажеттігін айтты.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды.

«Шетелдік және отандық маркетплейстер сапаға кепілдік бере алмайды, бұл тұтынушылар мен адал өндірушілер үшін қауіпті. Сапасыз тауарлар, зияткерлік меншік құқықтарының бұзылуы және дербес деректердің қорғалмауы өзекті мәселеге айналды», – деді Бектенов.

Осыған орай, келесі тапсырмалар берілді:

сауда мен шағын дүкендерді цифрландыру бойынша шаралар әзірлеу;

ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру;

отандық бизнес пен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, наурызға дейін электрондық сауданы қолдау шараларын дайындау;

тауар жеткізу тізбегін тиімді ұйымдастыру және «Қазпоштаның» даму жоспарын әзірлеу.

Бұл шаралар өнімнің сапасын жақсартуға, бәсекенің заңсыз тәсілдерін жоюға және азаматтардың дербес деректерін қорғауға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісуда шалғай ауыл оқушылары мектепке арнайы автобуспен қатынайды

admin_qazyr

Балқаш ауданында 150 гектар қамысты алқап өртеніп жатыр

redaktor_qazyr

Таразда бас онколог пара алғаны үшін айыппұлмен жазаланды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz