Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазірэкономика

Өскеменде екі деңгейлі жол айрығының құрылысы басталды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласының сол жағалауындағы Сәтпаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында үш жолақты қозғалысы бар екі деңгейлі жол айрығының құрылыс барысын тексерді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Облыс әкімі атап өткендей, бұл жоба өңір орталығы үшін аса маңызды. Ол автокөлік жүргізушілеріне қозғалыс уақытын едәуір қысқартып, Базовая көшесі мен Меновное ауылын қоса алғанда төрт бағытта еркін жүруге мүмкіндік береді. Мұнда бес жолақты қозғалыс қарастырылған.

Жол айрығының өткізу қабілеті 2,5 есеге артады. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тәулігіне 85 мың автокөлік болса, құрылыс аяқталған соң 200 мыңнан астам автокөлікті қамтиды.

Сондай-ақ, облыс әкімінің айтуынша, бұл жоба жол қозғалысын жеңілдетіп қана қоймай, құрылыс компаниялары үшін маңызды тәжірибе мектебі болмақ.

Аталған жол айрығы күрделі қиылысты толығымен жеңілдетуге, бағдаршамдарды айналып өтуге, жолда жүру уақытын қысқартуға сеп болады. Осы учаскенің өткізу қабілеті 85 мыңнан 200 мыңға дейін өседі.

Нысан келесі жылы пайдалануға беріледі.

Ұқсас жаңалықтар

Арысқа алғашқы қар қашан жауатыны белгілі болды

redaktor_qazyr

АЭС салуды қолдаушылар саны 60%-ға жетті

redaktor_qazyr

Жезқазғанда бойжеткен жаңа жұмысқа орналысып, 10 жылға сотталды

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz