Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі өртеніп кетті

«Павлодар облысына өрттен 500-ден аса қой-ешкі өртеніп кетті»,-деп хабарлайды Qazyr.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.

Павлодар облысына қарасты, Екібастұз қаласы Әлкей Марғұлан ауылында да дала өрті тіркелді. Өрісте жүрген 500-ден аса қой мен ешкі жанып кетті. Дала өртінің неден тұтанғаны белгісіз. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, найзағайдан болуы мүмкін дейді. Себебі үй жануарларының кейбірі тұрған жерінде күйіп, сіресіп қалған.Оқиға осыдан екі күн бұрын болғанымен жергілікті әкімшілік, Төтенше жағдай қызметі ақпаратты мәліметтер базасына жүктемеген.Дегенімен мал иелері әлеуметтік желіде жариялап жіберді. Содан кейін ғана , бүгін Екібастұз қалалық әкімшілігі арнайы комиссия жіберіп, оқиғаның себеп салдарын анықтауға кірісті.

Ұқсас жаңалықтар

Виктория Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды

admin_qazyr

Қар жауып, бірнеше облыста жол жабылды

Redaktor Site

Заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлер электрондық плафтормаларда сауда жасай алмайды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz