Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады,деп хабарлайды Qazyr.kz

Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының «Киберпол» арнайы тобының қызметкерлері облыс аумағында интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 34 жасар ер адамды ұстады.
Аталмыш күдікті жәбірленушілерге ақша қаражаттарыңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеген. Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратқан. Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатыстылығы дәлелденді. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асты. Күдікті қамауға алынды.

Сонымен қатар интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 22 жасар жас жігіт анықталды. Оны облыс полицейлері Алматы қаласынан ұстады. Күдікті әлеуметтік желіде жиһаз құрастыру бойынша жалған парақшалар ашып, жәбірленушілердің тапсырысын қабылдап, ақшаларын иемденіп отырғаны белгілі болды. Күдіктінің Түркістан облысы көлемінде 4 қылмыстық іске, ал республика бойынша 18 іске қатыстылығы анықталып отыр. Тергеу жалғасуда.

Айта кетсек, бұл қылмыстар «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші тәулігінде анықталды. Жалпы іс-шараның алғашқы тәулігінде Түркістан облысының полицейлері жоғарыдағы қылмыстардан бөлек, бұрын тіркелген 5 қылмысты ашты. 18 дана контрафактілік өнімдер тәркіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Энергетикадағы әулеттік дәстүр: Мақсутовтар әулетінің 100 жылдық еңбегі

admin_qazyr

Той өткізудің жалпыға бірдей тәртібі жасала ма?

Redaktor Site

Созылған, жыртылған теріні емдеу тәсілі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz