Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Полиция бастамасымен өткізілген сенбілік: табиғат тазалығы – ортақ міндет

Алматы қаласында Қазақстан полициясы күніне орай экологиялық акция басталды. Бұл шара республикалық “Заң және тәртіп” айлығы аясында 1–30 маусым аралығында өтеді  деп хабарлайды Qazyr.kz

Акцияның негізгі мақсаты — азаматтардың қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру, аңшылық пен су жағалауларын қоқыстан қорғау, сондай-ақ табиғатты сақтау ісіне қоғамның жауапкершілігін арттыру.

Экологиялық шара барысында Алматы қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мемлекеттік органдардың, аңшы-құмарлар мен балықшылар қауымдастықтарының, сондай-ақ азаматтық қарумен жұмыс істейтін ұйымдардың қолдауымен тұрғындармен кездесулер өткізді. Бұл кездесулерде табиғат аясындағы мінез-құлық ережелері түсіндірілді, ал табиғат аясындағы сенбіліктер арқылы аңшылық аймақтары мен су қоймалары тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

— 2025 жыл ІІМ жүйесінде Профилактика жылы болып жарияланды. Біздің мақсатымыз — тек құқық бұзушылықты анықтау емес, оның алдын алу, азаматтардың заңға және қоршаған ортаға деген құрметін арттыру. Табиғаттың тазалығы — бұл да қауіпсіздіктің бір бөлігі. Акцияға белсенді қатысқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Осындай бастамалар дәстүрге айналып, “Закон және тәртіп” идеясын қолдаушылар қатарын көбейтеді деп сенеміз, — деді Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дархан Айымбетов.

Полиция қызметкерлері аңшыларды, балықшыларды және табиғатқа бейжай қарамайтын барлық азаматтарды табиғатты қорғауға өз үлесін қосуға шақырды.

Ұқсас жаңалықтар

Алаяқтар жаңа тәсілге көшті

Redaktor Site

Мектеп оқушылары наурыз айында неше күн демалады?

redaktor_qazyr

Үкімет пен бизнес өкілдері ҚҚС сараланған мөлшерлемесін талқылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz