19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғамэкономика

Премьер-министр Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалды. Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды. Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді.

Кезекті отырыс қорытындысы бойынша Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады. Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері Қазақстан экономикасына $10,5 млрд инвестиция салу бойынша міндеттеме алды.

Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында зиянкестермен күрес бойынша маңызды шаралар қолға алынуда

redaktor_qazyr

Нағыз журналист болу ол өз өміріңді бәске тігумен тең

redaktor_qazyr

«250 мың теңге алған» Созақта жүргізуші куәлігін алып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz