Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Путин:«Жақын арада Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында үш орыс мектебі салынады деп сенеміз»

Сурет: Alexander Zemlianichenko/AP Photo/picture alliance

Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында «Казправда» газетінде жарияланған мақаласында ол Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз және достық қарым-қатынасты атап өтті. Путин мақалада екі ел арасындағы саясат, экономика және басқа да салалардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде меңзеді,деп хабарлайды Qazyr.kz.

Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тығыз жұмыс істеп келе жатқанын және олардың арасындағы жеке қарым-қатынастың өте мейірімді әрі нәтижелі екенін атап өтті. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы өзекті мәселелерді үнемі талқылап, өңірлік және жаһандық мәселелер туралы пікір алмасатынын, болашаққа жаңа жоспарлар белгілейтіндерін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин өзінің мақаласында көршілес елдер арасындағы гуманитарлық саладағы қарым-қатынасты атап өтіп, Қазақстанда орыс тіліне деген қолдаудың жоғары екенін айтты. Путин Қазақстанда үш жаңа орыс мектебінің ашылатынын мәлімдеді, олар Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында жақын арада іске қосылмақ. Бұл Ресейдің орыс тілі мен мәдениетін қолдауға бағытталған бастамаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ, Путин Қазақстан басшылығына, әсіресе Қасым-Жомарт Тоқаевқа орыс тілін қорғау мен орыс тіліндегі халықаралық ұйымды құру бастамасы үшін алғыс айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер Илон Маскты Трамп жаңа құрылған департаменттің басшысы етіп тағайындады

redaktor_qazyr

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды  

redaktor_qazyr

Шымкентте ағасы інісінің өзіне ақыл айтқаны үшін пышақ сұқты

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz