«Қазақстан мен Бахрейн арасында әуе қатынасы ашылды»-деп хабарлайды qazyr.kz">Qazyr.kz ақпарат агенттігі.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ағымдағы жылдың 28 маусымынан бастап Алматы — Манама бағыты бойынша Қазақстан мен Бахрейн арасында туристік чартерлік рейстер іске қосылды.

Рейстер «SCAT» әуе компаниясымен аптасына 1 рет (сәрсенбі күндері) жиілікпен Boeing-737 үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.