24.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $86.93 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C 🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $86.93 🌤️ Астана: +2°C  |  Алматы: +10°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Қоғам

Асылзат Арыстанбек

Мен Сізді жақсы көрем, жасырмаймын, Жарқ еткен бұлтты күні жасындаймын! Өзіммен өзім жүріп өртенемін, Иә, мен осындаймын! Жақсы көру үшін де керек сенім, Сенімге мен де сөзбен көмекші едім. Сіз де мені сүйесіз, сеземін ғой, Иә, мен ерекшемін! Жалыныма жылынам жасқаса мұң, Қайғымен де қабарған достасамын. Сүйе берем сүйегім қурағанша,…

31.08.2024 👁 387
Қоғам

Сұлтанмахмұт Торайғыров-Кедейлік

Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық, Іздемес сені адам керек қылып. Амал жоқ, ықтиярсыз құл қыласың, Маған салса қасыма келме жуық. Жанды жеп сен ғой мені арытатын, Күнің жоқ ат пен асқа жарытатын. Жыртықтан жылтылдаған жас денемді, Күнге қақтап, аязға қарытатын. Жарытпай киер киім, ішер асқа, Сөктіріп малы барлау надан, насқа….

31.08.2024 👁 340
Қоғам

Жібек жүрек

Мен өмірге келген шығармын, Барыңды сезіну үшін. Армандап көз ілу үшін. Түңлігін түріп түндердің, Өзіңмен кезігу үшін. Көзіңнің қарашығына, Нұр болып берілу үшін.. Мен өмірге келген шығармын, Жолымнан өзің күтсін деп. Мұңдарым солай бітсін деп. Аялы алақанымен, Көзімнің жасын сүртсін деп.. Мен өмірге келген шығармын, Азапты бұзып өтем деп. Тірлікті…

31.08.2024 👁 255
Қоғам

Қателігі жастықтың біліне ме?

Қателігі жастықтың біліне ме, Сақтық қажет албырттық гүліне де. Қыз баланың жігітке сүйем деуі Жараспайды ғасырдың біріне де. Тегін бақыт уақыттан алынбайды, Сүйемін деп қыз бала жалынбайды. Өзгермейді жүрегі жігіттердің ЭВМ-ға махаббат бағынбайды. Қыз үлесі қашан да — болу ана, Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа. Жаным деген жігітті жат…

31.08.2024 👁 315
Қоғам

Сіңліге сыр

Осал да болма ойыңнан оңай адасқан, Өжет те болма орынсыз сөзге таласқан. Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық, Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан. Айтарым тағы берік бол сертке бір сөйле, Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де. Қыз мінез деген — сұлулық сыры өмірдің, Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде….

31.08.2024 👁 293
Қоғам

Ақұштап Бақтыгереева-Сенгім келмейді

Аптыққан жалын дәуреннің Өтетініне, Бойдағы жігер дәрменнің Кететініне, Гүл теріп белден сағымды Қайтпайтыныма, Сүйікті жарға назымды Айтпайтыныма Сенгім келмейді. Ән сал деп қимас құрбыны Қыстамайтыныма, Қаламды қайта бір күні Ұстамайтыныма, Арманшыл жүрек лүпілі Тоқтайтынына, Мамалап қызым бір күні Жоқтайтынына Сенгім келмейді. Сағыныш лаулап бойымда Жанбайтынына, Құрбының қызық тойына Бармайтыныма, Тек…

31.08.2024 👁 408
Қоғам

Марфуға Айтқожина-Қыздар-ай

Кешегі қайран қыздар! Қос бұрымды, Толқындап қос бұрымы тосты кімді, Жүрсем де өздеріңнен мен алыста, Толғаймын мен кешегі жас күніңді. Сиғызып құшағыма барлығыңды, Аламын есіме сол бал күніңді. Тұнып тұр жүрегімде Сыңғыр үнің, Тыңдадым тебіреніп зар-мұңыңды. Әр тұсқа кететіндей тарап тасқын, Өмірге өздерінше аяқ бастың. Жүрсең де бірің ойда, Бірің…

31.08.2024 👁 590
Қоғам

Мұқағали Мақатаев-Қиын не бар

Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем. Арзан не бар ойнау менен күлуден, Қымбат не бар, адам сырын білуден? Мен әуремін, өз сырымды білумен, Кеше бұзып, өкінемін бүгін мен, Жылдарымды еске аламын бүлінген. Адамдардың жаны менен…

31.08.2024 👁 366
Қоғам

Түскі тамақ пен кешкі тамақ

Таңертең бала ешбір жұмыссыз үйде отырды. Түскі асты ішетін уақытта шешесі ет пен сорпа әкелді. Бала сорпаны татып қарады да: «Бүгін сорпа дәмсіз екен», – деді. Шешесі: «Бұл дәмсіз болса, кешке дәмді сорпа пісіріп беремін», – деді. Түскі тамақтан соң әкесі шөп тасыды. Баласы әкесіне көмектесіп, шөптің төбесіне шықты. Кешке…

31.08.2024 👁 533
Қоғам

Бір әнші

Бұл не өзі ән бе, әлде айқай ма? — Мен білмеймін, білсең туыс айт онда. Сахнада тұр ғой өзі, уақытын Босқа өткізіп сынамақ па бақытын? Деген ойдан: ойнап тұрған жоқ па бұл, Жұткыншағын жүзін көріп тоқтадым: Алқымы іскен, қысып көрсе-ау аздап бір, Көз дегенің шығып кете жаздап тұр. Өзін-өзі қылғындырып,…

31.08.2024 👁 596
Қоғам

Ақылбек Шаяхмет-Ағалар

Ұзатылған қыздай қып жолға салған ағалар, Намысымды қамшылап, алға салған ағалар, Серілердің еріккен шаңын қаққан ағалар, Жеңгейлердің желіккен бабын тапқан ағалар, Бұл жалғанның қадірін айтпай білген ағалар, Сары алтындай сабырын сақтай білген ағалар, Асыл сөзін кез келген айта білген ағалар, Ашуынан тез келген қайта білген ағалар, Жақсы менен жаманды танып…

31.08.2024 👁 308
Қоғам

Нарманбет Орманбетұлы

Жынды деген немене? Бұзылғаны қаныңның. Тозақ деген немене? Қиналғаны жаныңның. Аяусыз деген немене? Ұшқаны бастан бағыңның. Ұятсыз деген немене? Төгілгені арыңның. Опасыз деген немене? Бұзылғаны жарыңның. Аумалы деген немене? Құбылғаны ағымның. Кәрілік деген немене? Азайғаны халіңнің. Өлім деген немене? Өшкені болад жалынның. Наумыз деген немене? Құдайды бар деп білмеген. Кәпір…

31.08.2024 👁 251
Қоғам

Қайырбек Шағыр

Әйел деген ән салғанда – әдемі, Әлденеге тамсанғанда – әдемі. Қимай ғана қоштасқанда – әдемі, Қуанышпен қарсы алғанда – әдемі. Тана көзі жалт еткенде – әдемі, Ақ білегі жарқ еткенде – әдемі. Көрген жанды өнегелі, ибалы Қылығымен тәнті еткенде – әдемі. Әйел деген мәз болғанда – әдемі, Көктем келіп, жаз…

31.08.2024 👁 293
Қоғам

Қуаныш Қолхаев

Тілегі перзентіне таудай болған, Жүрегін әкелердің баурай да алған. Жаны асыл аналар-ай, жабырқасаң, Сезетін жай-күйіңді шалғайлардан. Тағдыры басқа-басқа болғанымен, Тәлімі бір-бірінен аумай қалған Шашқандай күн шуағын көктем келіп, Анасыз өсіп-өніп, көктeр ме едік? Еріксіз құшағында елжірейсің, Жүрегің жылуынан кеткенде еріп. Тілсе де өзектерін ащы уайым, Жүрсе де сан сынақты көптен…

31.08.2024 👁 511
Қоғам

Қалқаман Сарин-Анашым

Ақ бесікті тербеп, біздің, сен! Ақ сүт беріп ержеткіздің, сен! Ғибратты ғұмырыңның жартысын, Жаутаң қағып жолда өткіздің, сен! Жібін үзбей ізгі үміттің, сен! Жылы жүзбен бізді күттің, сен! Мейірімге мұқтаж мынау ғаламда, Үлгісі едің ізгіліктің, сен! «Балам!» — дедің, балқып сүйдің, сен! Өз жаныңнан артық сүйдің, сен! Омырауыңнан өмір беріп,…

31.08.2024 👁 345
Қоғам

Әйел сенің ақылшың

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір. Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар, Әйелдерсіз тірлігіміз не болар? «Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса, Еркек байғұс азып-тозып жоғалар. Әйел – сенің аспазың да күтушің, Әйел барда биіксің де бүтінсің….

31.08.2024 👁 612
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA