Қадыр Мырза Әли естелігінен
Үлкен өнерге келген адамды сақтайтын – тек қана қайсарлық. Бiреулердiң ұнжырғасы түсiп кетедi, соққы жейдi, тауы шағылады. Солардың көбi… Қайсарлығы жетпегендiктен орта жолда қалып қояды. Жiгерi жоқ. Не iшiп кетедi, не жеңiлдеу жолға түсiп кетедi. Карьеристердiң бәрi карьерист боп туды дейсiң бе? Қайсарлығы кемдiктен оңай жол iздейдi. Жiгерсiздiкке алып барады….