Дәурен Айманбетов — Мен… Ол…
Мен менсінбегем. Ғашық болса алдыма келсін дегем. Сұлуларды қос-қостан сүйіп жүріп, Серілерден өзімді кемсінбегем. Ол ғашықтұғын. Жеңе алмаған бойдағы жасықтығын. Жырларымды жастанып жатады екен, Көншімейтін көңілдің басып қылын. Мен қарамағам. Елжіретіп, жүрегін жаралағам. Жауабымды берген ем әспенсініп, Құрбысы ма, араға салғанда адам. Ол жылады, рас. Баса алмастан сезімнің құмарын аш….