Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Сәкен Иманасов-Кім білсін

Жоқ-барға шығын етпей сезімді көп,
Болсам сәл үнемдірек, төзімдірек,
Жүрер ме ем қамсыз ғана,
Кім біледі,
Бақыт кеп қонар ме еді өзі үлбіреп?!

Тек қана тазалыққа жүгінді арым,
Сол үшін өзімді-өзім шығындадым.
Қарамай алды-артыма,
Жақсылықтың
Алдына жайып салып бүгін бәрін.

Жұрт мейлі ерікті дер, желікті дер,
Қайда деп таза-тұнық көрікті кел,
Келіппін
Достыққа да, жастыққа да
Өзімді аямастан беріп түгел.

Кеудемнен күнде құзға қыран құлап
Жатпаса
Жойқын бір күш шыдамды да ап,
Кім білсін,
Болар ма едім бақыттырақ,
Бақыттырақ, елге де ұнамдырақ?!

Ұқсас жаңалықтар

Әбіш Кекілбайұлы

Redaktor Site

2000-нан астам сарбаз Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқуға мемлекеттік грант алды

admin_qazyr

Жаңа энергетикалық институт: Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігіне жасалған қадам

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz