Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

Шымкентте екі жаяу жүргіншіні қаққан полиция қызметкері қамауға алынды

Еске салсақ, 3 тамыз күні Байтұрсынов көшесінің бойында Тұран АПБ-ның жүргізуші-полицейі жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, жол апатын жасады.Салдарынан анасы мен қызы әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.7 тамыз күні әйел жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды.

Қазір жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы  3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сондай-ақ қызметтік тексеру нәтижесінде тәртіп сақшысы Ішкі істер органдарынан босатылғанын хабарлаймыз.
Қазір ол УҰИ-ға қамалды.Қылмыстық іс материалдары айыптау актісімен бірге сотқа жолданады.

Айта кетейік, тергеу барысы полиция департаментінің бастығы Қайрат Далбековтің қатаң бақылауында.

?Спикер: Бақдәулет Уразбаев — Шымкент қаласы ПД-ның аға инспекторы

Ұқсас жаңалықтар

Көктемдегі су тасқыны қанша шығын әкелді?

Redaktor Site

Жамбыл облысында «Қордай» және «Қарасу» шекара бекеттері жаңғыртылуда

admin_qazyr

Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысын жалғастыруда.

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz