Шымкент қаласында үшем сәби дүниеге келді.

Қалалық перзентханада дәрігерлер 37 жастағы үшем сәбилердің анасын босандырып алды. Жас ана үшемнен бұрын 5 баланы дүниеге әкелген. Үшемнің салмағы екі келіден жоғары. Қазіргі уақытта босанған ананың да сәбилердің де жағдайы жақсы.

Дүниеге келген үш сәбиге туыстары Амина, Хадиша, Мұхамммед деп есімдерін қойыпты.