Qazyr.kz порталы
Қазір

«Таза Қазақстан»: «Ақ жол» партиясы республикалық сенбілікке белсене қатысты

Елімізде өткен жалпыұлттық сенбілікке «Ақ жол» демократиялық партиясы да белсене атсалысты. Қазақстанның барлық өңірлерінде партияның Мәжіліс және жергілікті мәслихаттардағы депутаттары, жастар кеңесінің мүшелері мен белсенділері көше мен саябақтарды тазалау жұмыстарына шықты деп хабарлайды Qazyr.kz

Партия төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, бұл бастама – тек бір реттік экологиялық акция емес, еліміздегі әрбір азаматтың туған жеріне, қоршаған ортасына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам.

– «Қазақстанымызды өзімізден басқа ешкім таза әрі жақсы ете алмайды. Қалалар мен ауылдардағы тазалық пен тәртіп – бұл күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Сенбілік тек уақытша шара емес, ол — сапалы өмір сүруге деген ұмтылыстың көрінісі», – деді Азат Перуашев.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы ел ішінде үлкен қолдау тауып отыр. Бұл науқан – ел тұрғындарының экологиялық мәдениетін көтеріп қана қоймай, әр адамның өзінің айналасына деген жеке жауапкершілігін сезінуіне түрткі болуда.

«Ақ жол» партиясы бұл бастаманы толық қолдайтынын және алдағы уақытта да мұндай қоғамдық шараларға тұрақты түрде қатысатынын мәлімдеді.

Партия өкілдерінің айтуынша, тазалық тек қоршаған ортада емес, саясат пен қоғам өмірінде де болуы тиіс. Тазалық пен адалдық – әділдік пен тәртіптің ажырамас бөлігі.

Ұқсас жаңалықтар

Тауар айналымы 3,2 трлн, теңге жеткен шетелдік маркетплейстер Қазақстанда заңнамалық, салықтық тіркелуге міндеттеледі

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

admin_qazyr

Алматыда екі қабатты таунхаусты бұзып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz