Qazyr.kz порталы
Қазір

Таза Қазақстан: Алматылықтар бір күнде қаладан 1777 текше метр қоқыс шығарды

Алматыда «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты экологиялық акция өтті, деп жазады .

Қала әкімдігінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты санитарлық жағдайды жақсарту, аумақтарды абаттандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті күшейту болды. Жалпы қалалық сенбілікке шаһар басшылығы, белсенді тұрғындар, коммуналдық қызмет өкілдері мен жастар қатысты.

2026 жылғы 18 сәуірде қаладағы 8 ауданға қарасты 15 аумақта жергілікті сенбіліктер бір мезгілде өтті. Ауқымды тазалық жұмысына 9440 адам жұмылдырылып, 254 арнайы техника тартылды.

Жүргізілген жұмыс қорытындысында қала аумағынан 1777 текше метр қоқыс пен қалдық шығарылды. Сонымен бірге акция аясында ағаш отырғызу жұмыстары да жүргізілді. Осылайша көгалдандыру ісіне де нақты үлес қосылды.

Тазалық шаралары Үлкен және Кіші Алматы, Жарбұлақ, Қарасу өзендерінің жағалауын, аула аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді қамтыды. Қатысушы ең көп жиналған аудан – Әуезов ауданы. Мұнда сенбілікке 2,5 мың адам қатысты.

Акция нәтижесінде қаланың бірқатар маңызды бөлігі ретке келтіріліп қана қоймай, тұрғындардың абаттандыру мен экология мәселесіне деген белсенділігі де артты. Алматыда осындай шаралар қалалық ортаны таза ұстау мәдениетін күшейтіп, ортақ іске жұрт болып жұмылудың маңызын тағы көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

TURKTAV IFLA конгресінде түркі әлемінің рухани мұрасын таныстырды

admin_qazyr

Жетісу облысында екі жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

admin_qazyr

Түркістан қаласында ереже сақтамаған 900-ден астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz