Qazyr.kz порталы
Руханият

Темірбек Жүргенов

Жүргенов Темірбек Қараұлы (10.11.1898 Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап а. — 25.2.1938, Алматы) — мемлекет қайраткері. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы” газеті редакциялық алқасының құрамына енді, Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.

Дереккөз: Алтын қор

 

Ұқсас жаңалықтар

Отбасы мүшелерін күн сайын жамандықтан қорғап жүретін дұға

redaktor_qazyr

Мұқағали Мақатаев — Еске алу

redaktor_qazyr

Мағжан Жұмабаев туралы тың ақпарат

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz