Сонау-сонау
Өткен ғасырдың басында
Міржақып Дулатов
“Оян, Қазақ” деді.
Оянбады.
Ұйқы тәтті екен.
Ұйқыға тоя алмады.
Қайран қазақ
Әлі күн—
Ұйқыға! –
Тоя алар емес.
Құлағының түбінен
Бомба жарып,
Зеңбірек атсаң да
Оянар емес!
Қалың ұйқы.
|
|
Темірхан Медетбек — Қалың ұйқы
⚡ Неге бұл маңызды:
Сонау-сонау Өткен ғасырдың басында Міржақып Дулатов “Оян, Қазақ” деді. Оянбады. Ұйқы тәтті екен. Ұйқыға тоя алмады. Қайран қазақ Әлі күн— Ұйқыға! – Тоя алар емес. Құлағының түбінен Бомба жарып, Зеңбірек атсаң да Оянар емес! Қалың ұйқы.
Оқырман барометрі
Бұл материал сізге қандай ой салды?