Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Тоқаевтың Наурыз құттықтауы: «Таза Қазақстан» – жаңа идеология

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Президент өз құттықтауында бұл мерекенің терең мағынасына тоқталды, деп жазады Qazyr.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Наурыз – тек табиғаттың жаңаруы емес, адамның ішкі дүниесінің де тазару кезеңі. Ойдың, ниеттің, сананың тазалығы – бұл мерекенің басты мәні.

Президент «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, бұл жоба қоғамда нақты өзгерістерге жол ашып, әсіресе жастар тарапынан кең қолдау тапқан.

«Тазалық – жай сөз емес, ол нақты іс арқылы көрінетін қасиетке айналып келеді», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент бұл бастаманың уақытша акция емес, елдің тұрақты идеологиясына айналуы керектігін атап өтті. Оның пікірінше, тазалық мәдениеті ұлт болмысының бір бөлігі болуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамында айтылған тілектердің де маңызы ерекше екенін жеткізді. Бұл – ел мен жер жаңарып жатқан кезеңдегі символдық сәт.

Президент қазақстандықтарға амандық, тыныштық тілеп, ел бірлігінің маңызын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы мәңгі жасасын, Ата заңымыз өз тұғырынан түспесін, Туымыз биікте желбіресін», – деді ол. Құттықтау соңында Мемлекет басшысы халыққа береке мен молшылық тіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда шетелден заңсыз әкелінген телефондар бұғатталады

redaktor_qazyr

Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды

admin_qazyr

Алматыда қамаудағы сатиралық парақша авторы Темірлан Еңсебекті қолдап пикетке шыққан журналистті полиция ұстап әкетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz