Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Түркістан облысында қайтыс болған жігіттің ағзасы төрт науқасқа донор ретінде берілді

Түркістан облысында жол апатынан қайтыс болған 18 жасар жігіттің ағзасы, төрт науқасқа донор ретінде берілді.Бұл туралы Қазір.кз тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында алғаш рет мәйіттің ағзасы донор ретінде алынып, науқасқа ота жасалды. Облыстық клиникалық ауруханасының дәрігерлері жол апатынан кейін медициналық мекемеге ауыр халде жеткізіліп, қайтыс болған 18 жастағы жігіттің ағзасын төрт науқасқа хирургиялық жолмен бөліп берді.

Дәрігерлердің сөзінше, ағзаны алуға арнайы жасақталған екі бригада Алматы мен Астана қаласынан ұшып келген. Мәйіттен алынған бауыр, екі бүйрек пен жүрек және өкпе тізім бойынша трансплантация отасы қажет науқастарға хиругиялық жолмен салынады.

Ал, мәйіттік донордың ағзасын алуға туыстары заңды түрде рұқсатын берген екен.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл Қазақстанда 94 мыңнан астам білім беру гранттары бөлінді

redaktor_qazyr

ҚМГ басшысы «Қаламқас-теңіз — Хазар» жобасын іске асыру бойынша кеңес өткізді

admin_qazyr

Қазақстанда ұн өндіретін кәсіпорындар неге күрт азайды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz