Qazyr.kz порталы
Қазір

Үкімет жанармай тапшылығының алдын алу жоспарын әзірлеуде

Қазақстан Үкіметі жанармай тапшылығына жол бермеу және оның заңсыз шекара асып кетуін болдырмау бойынша арнайы жоспар әзірлеуде, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Үкіметте өткен жиында бірінші вице-премьер Роман Скляр мұнай өнімдері бойынша қалыптасқан жағдайды талқылады. Энергетика министрлігінің дерегінше, ішкі нарыққа қажетті жанармай қоры жеткілікті.

«Дефицит пен заңсыз тасымалды болдырмау үшін шекарада бақылауды күшейту, жанармайдың өңірлердегі қозғалысы мен тұтынылуын қадағалау қажет», – деді Скляр.

Айта кетейік, 2025 жылдың алғашқы жартысында бензин мен дизель өндірісі рекордтық көлемге жеткенімен, елде жанармай бағасы өсе түсті. Бұған биыл енгізілген еркін баға қалыптастыру жүйесі де әсер етті. Сарапшылардың пікірінше, күзде теңгенің әлсіреуі отын тапшылығына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ «қара нарықтағы» заңсыз жанармай ағыны да қауіпті фактор болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш ауданында 4 жасар баланың денесі өзеннен табылды

redaktor_qazyr

Қазақстанда Олимпиада жеңімпаздарына ай сайынғы төлем мөлшері бекітілді

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Ауғанстан бойынша арнаулы өкілі Еркін Тұқымовты қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz